BN – Ғашық болу

Жастардың таңдаулы топтарының біріне арналған BN тобының "Ғашық болу" атты жаңа әніне бейнебаян түсірілді. Бұл ән – топ түсіріп жатқан "Zor" атты жаңа фильмнің саундтрегі. Бейнебаянда осы фильмнің үзінділері көрсетілген. Клиптің режиссері Парасат Ибраев, әннің сөзін Ринат Зайтов, әнін Данияр Шеңгелбаев жазған.