Мөлдір Әуелбекова – Балапаным

Қазақ аналары әуелден ән-жырға жақын болып, құшағындағы нәрестесіне де жыр арнаған. Баланы жастайынан әнмен тербеп, әрлі әуенмен өсірген. Анасының әгугайына қанық болып өскен бала жаны тыныш, жүйкесі қалыпты болған. Сондай ұрпағының болашағына алаңдап, баланы жастан дейтін аналардың атынан Мөлдір Әуелбекова бесік жыры болуға лайық ән шығарды.