Нұрболат Абдуллин – Вальс

Бәріміз де мектеп кезінен бері вальс билеп келеміз. Бірақ әні де, сөзі де вальске құрылған әуенді бұрын-соңды естімедік. Мұны шығарған – Нұрболат Абдуллин. Басқа өнер адамдары секілді үнемі бір-біріне ұқсас ырғақта ән шырқамай, бірде түріктің, бірде үндінің, бірде өзбектің ырғағына ұқсас әуендерді бір репертуарына жинақтай білген ерекше әнші осыдан 4-5 ай бұрын "Вальс" әуенінің клипін түсіріп жатқанын хабарлаған еді. Тойда әуеніне билеу сәнге айнлып үлгерді, енді жас жұбайлар клипі бойынша қалай билеуді де біледі.