"Заман" тобы – Қарақат көзің

2014 жылы "Сендегі ақыл, сана-сезім, Бәрі де бәрі әрқашан да мен үшін қымбат" деп жырлап, "Қарақат көзің" аталатын әнімен көпшіліктің көңілінен шыққан "Заман тобы" араға үш жыл салып әлі де жұрттың жалықпай тыңдайтын әніне клип түсірген екен. Каспий теңізінің жағалауында жүріп, музыкалық аспаптарда ойнап, үйдегі жарының байсалды, байыпты мінезін көрсетуге, өзгелерге үлгі болуға құрылған сюжеті жүрекке жылу сыйлайды. Атақты актриса, сұлу да нәзік Жанаргүл Жаныаманова да ролін жақсы ойнап шыққан.