Дана Кентай – Қоңырау

Дана Кентай есімді жас әнші бұл бейнебаянын өзгеден ерекше етіп стопмоушн стилінде түсірген. Жаңашыл видеоны тамашалай отырыңыз. Бейнебаянның сценариін жазған және режиссері Ермек Закария. Түсірілім мен монтаждау жұмыстары 45 күнге созылған клип адам қиялының шексіз екенін көрсетеді және еліміздегі клипмейкерліктің жаңа белеске шығуына үлес қосады деп сенеміз.