SARYN – Күн мен ай

Ринголық Данияр Өтегенов продюсерлік ететін "SARYN" тобы кезекті бейнебаянын жарыққа шығарды. Бір-бірін күн мен айға теңеген жұп бұл жолы биге лайық әдемі әнді әуелете білген. Сюжетсіз, ашық алаңда түсірілген клип жылы түстерге қанық. Ән де қазіргі мезгілге сай – көңілді. Сонымен, бірге тыңдайық: "SARYN" тобы – Күн мен ай.