Ayree & Арай Айдархан - Қинама мені

Күллі Қытай елін өзінің керемет дауысымен таңғалдырған Арай Айдархан "Ayree" есімімен танымал болған сұлумен ән шырқады. "Қинама мені" деп аталатын тамаша туынды көрерменнің көңілін бірден өзіне баурап алды. Бейнебаянның сюжетіне қарасақ аталған туынды ханзу елінде түсірілгенге ұқсайды. Жүректі шымырлатып, көңілге ерекше сезім сыйлайтын дүниені көрушілер саны да жетерлік. Өзге елде өз елінің атын шығарып жүрген сері мен қазақтың жақсы бір әнші қызының орындауындағы ерекше ән мен жаңашыл клипті тамашалаңыздар.