Ернар Айдар - Қазақтың жігіттері

Қайсар қазақтың жігіттері қашан да өзінің жүректілігімен, батырлығымен және алғырлығымен талайды тәнті еткен. Бүгінде бірлігі жарасқан ұлттың ұландары өздерінің түрлі сыннан сүрінбей өтіп бабалар жолымен келе жатқандығын көрсетуде. Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Ернар Айдар дәл осы тақырыпта жаңа бейнебаян түсірген екен. "Қазақтың жігіттері" деп аталатын туындының сюжеті өткен мен бүгіннің қандай болғанын салыстырмалы түрде көрсете білген. Сонымен әуені жігер сыйлап, бейнебаяны көңілді балқытатын дүниені назарларыңызға ұсынамыз. 

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту