Айдарбек Рысбек, Сиви Махмуди - Қозы Көрпеш-Баян сұлу

Көпшіліктің сүйіп тыңдайтын әншілерінің бірі Айдарбек Рысбек өзінің жаңа әнін Сиви Махмудимен орындады. "Қозы Көрпеш-Баян сұлу" деп аталатын әуеннің ырғағы көңіліңізге ерекше жылулық сыйлап қана қоймай, өзіне елітіп әкетеді. Шет елде түсірілген жаңа клипті көрген жандар жағымды пікірлерін жаудыруда. Аталған туындының сюжетін көру арқылы жайдары жаздың лебін де сезгендей боласыз. Сонымен жаңа дуэттің орындауындағы тың туындыны тамашалаңыздар.