Марат Балмырза – Биікке

Әрбір адам ұмтылған мақсатына жетпеген жағдайда өз-өзінен күйініп, шыдамсыздық танытып жатады. Құлазыған көңіл, бұлдыраған арман мұның барлығы сол уақытта әлгі жанның жақсы серігіне айналады. Дәл осындай мезетте арқаңыздан қағып, жігерлендірер жан маңайыңыздан табыласа еш мұңаймастан өтіп кетесіз. Аталған жағдайды Марат Балмырза атты жас әнші өзінің "Биікке" деген жаңа бейнебаянында жақсы көрсете білген. Мамандық иелерін бір клипте көрсете білген режиссердің креативті идеясын да ерекше айтуға болады.