Бағлан Əбдірайымов - Досқа сыр

Жақында ғана "Жігіттер" квартетінен бөлініп шығатынын айтқан Бағлан Əбдірайымовтың жаңа бейнебаяны жарық көрді. "Досқа сыр" деп аталатын әуеннің сюжеті де шынайы сәттермен түсірілген. Бала кезінен бірге ойнап, бірге өскен қос азаматтың ақсақал болғанға дейінгі қызықты сәттерінен үзінді көрсетілген тың дүниені Бағланның қолдаушылары ыстық ықыласпен қабылдады. Сапалы шыққан клиптің ой салар тұстары жетерлік екен.