Нұрсұлтан Нұрбердиев - Бақытын іздегендер

Қазіргі уақытта көптеген әндер той-бизнес саласына ыңғайланып жазылып жатқаны белгілі. Солардың арасынан өзге тақырыпты қозғаған әншілер ерекше көрініп тұрады. Бүгін осындай жаңашыл әнімен танымал бола бастаған Нұсұлтан Нұрбердиевтің "Бақытын іздегендер" атты тамаша туындысын назарларыңызға ұсынамыз. Әнін Ерғали Көшербаев, сөзін Асылзат Арыстанбекқызы жазған тың әуен сіздің де көңіліңізден шығуы мүмкін.