Роза Әлқожа - Балапан

Керемет әндерімен көпшілікті таңғалдырған Роза Әлқожаның дауысына да, таңдаған әндеріне де тыңдармандары жоғары баға беруге дайын тұрады. Барлығына талғаммен қарайтын жұлдыз "Балапан" атты тың дүниесін көрермен қауымға ұсынды. "Балалы үй – базар" деп бекер айтпаған бабамыз үйінде көп бүлдіршіні бардың қызығы да ұзаққа созылатынын жақсы білген. Роза Әлқожа өзінің жаңа бейнебаянын отбасымен түсіруді жөн санаған екен. Жаңа туындының көріністеріне қарап отырып, әрбір үйде орын алатын керемет қызықтарды көруге болады. Бәлкім, бұл сюжеттер сіздің де басыңыздан өткен болар...