Назар Серік & Салтанат Құдайбергенова - Джулия

ТМД елдерін таңғалдырған Батырхан Шүкенов қазақ елі үшін мәңгілік ұмытылмас тұлға болып қалары анық. Оның орындаған әрбір әні зор ықыласқа ие болып, көпшіліктің көңілінен шыға білді. Батырдың  орындауындағы "Джулия" әні талайдың жүрегіне жол тауып, әншіге деген құрметті одан әрі арттырған еді. Араға біраз уақыт салып Назар Серік пен Салтанат Құдайбергенова атты қазақ эстрадасының әншілері де "Джулия" деп шырқаған екен. Заманауй үлгідегі бейнебаянды тамашалаңыздар.