Әли Оқапов - Жеңімпаз

Санаулы күннен кейін көптен күткен "Универсиада 2017" ойындары басталмақ. Қысқы спорт түрлерінен өтетін сайысқа әлемнің көптеген елінен спортшылар келіп, Алатаудың баурайында бақ сынасатын болады. Тартысқа толы бәсекеде біздің елдің намысын қорғайтын спортшылар да жетерлік. Осыған байланысты жас әнші Әли Оқапов "Жеңімпаз" атты тамаша бейнебаян түсірді. Клипте спортшылардың дайындығы көрсетілген.