Жолдасбек Әбдіханов - Жан ана

"Ананың көңілі – балада, баланың көңілі - далада" деген бабаларымыз асыл жандардың мейірімі мен балаға деген қамқорлығын ауыздан тастамаған. Тоғыз ай құрсағында көтеріп, өмір бойы жүрегінде сақтайтын аналардың ыстық алақаны, маңдайдан бір сипағаны ұлы мен қызына қашан да үлкен демеу болады. Бұл жалғанда өсірген ұрпағы қандай жақсылық жасаса да, парызы өтелмейді. Тек көңілін марқайта алады. Жолдасбек Әбдіхановтың орындауындағы "Жан ана" атты бейнебаянды назарларыңызға ұсынбақпыз. Мәпелеп өсірген ұлының әскерден жазған хатына қатты тебіренген аяулы жан ұлын көрген кезде жүрегі аузынан шығып кете жаздайды.