Арман Әлім – Тәттімсің

Анимациялық жолмен өзінің тамаша бейнебаянын халыққа пеш еткен Арман Әлімнің креативті идеясына қол соғудан басқа шара жоқ. "Тәттімсің" деп аталатын әдемі әннің клипі де өзіне сай түсірілген. Көшеде кәмпит сатып отырған саудагер жігіт кенеттен бір сұлуды ұнатып қалады. Бір көріп ғашық болған сері екінші рет кездесудің ретін қарастырады. Алайда, барлығы бос әурешілікпен бітеді. Махаббаттан көңілі қалған жігіт керісінше жұмысынан шабыт алып, әлгі сұлудың мүсінімен кәмпит жасап сатады. Толассыз өткен тәттілер жігіттің үлкен компания ашуына мүмкіндік береді. Мұның барлығын тек соңында байқаған сұлу өзі іздеп баруды жөн санайды. Осындай қызықты мульткөріністермен берілген әдемі бейнеклипті тамашалаңыздар.