BN – Жаңа жыл

Көптен күткен жаңа 2017 жылдың тойлануына да санаулы күндер қалды. Қазірдің өзінде қала көшелерінен тамаша безендірілген ғимараттар мен түрлі ойыншықтарды көруге болады. Мұның барлығы адамдардың көңіл-күйінің жақсы болуына әсер етеді. Аталған мереке барысында "BN" тобы да өздерінің жаңа  әндерін көпшілік назарына ұсынуды жөн санаған екен. Аз ғана уақыт бұрын трендке шыққан маникен челендж идеясын өз бейнебаяндарына қосып, танымал адамдарды клиптің кейіпкерлері ретінде көрсете білген. "Жаңа жыл" деп аталатын көңіл-күйді көтеретін көңілді әнді тамашалаңыздар.