Жігіттер – Асыл анам

Қазақ эстрадасында өзіндік орны бар "Жігіттер" квартеті тағы бір жаңа бейнебаянын жарыққа шығарды. "Асыл анам" деп аталатын әуезді ән көпшіліктің көңілін оңай тапты. Клиптің негізгі сюжетінде топтағы әрбір әнші өзінің анасымен бірге түскен. Осы бір тың туынды арқылы жұлдыздар өмірдегі аналардың рөлі ерекше екенін де көрсете білген. Бала десе барын беретін аяулы жандардың құрметіне шығарылған ғажап бейнебаянды тамашалаңыздар.