​Alem Band - Жерім менің

Өнер жұлдыздарының репертуарларында туған жер мен ұлы ел туралы немесе Отан жайында бір өлеңнің бары рас. Ұлтына деген махаббатын әнмен жеткізе білген жандардың талантына тәнті болып, сырттай құрметтейтін көпшілік те баршылық.

Қазіргі таңда патриоттық сезімді оятатын әндердің көбі Іле өзенінің бойындағы жасанды қамалда өтіп жүргенін көріп жүрміз. Ескінің естелігіндей көрінетін мекенде талай фильмдер мен бейнебаяндар түсірілді. Соның бірі енді ғана елге танымал болып келе жатқан "​Alem Band" тобының "Жерім менің" атты тамаша туындысы. Қазақтың қайсарлығы мен өрлігін көрсетіп, ұлы халық екеніне тағы да көптің көзін жеткізе білді. Сонымен, үш жігіттің орындауындағы үлкен жұмысты тамашалаңыздар.