Айым – Сен барда

Қырғыз жұртына жақсы таныс Айым атты сұлу енді қазақстандық шоу бизнеске бет бұрғандай сыңай танытты. "Сен барда" деп аталатын әніне бейнебаян түсіріп, өзінің ел эстрадасындағы өнер жолын бастап кетіпті. Ерекше дауыс иесі келген бетте қазақ тыңдармандарын да өзіне елітіп әкетті. Бірі "отаныңа орал" деп кекетсе, енді бірі болашақта тағы керемет дүниелердің шығуына тілекші болды. Сонымен Айымның алғашқы қадамы қандай болғанын бірге тамашалайық.