Mysterions – Қызғанамын

Ерекше билерімен елді өздеріне елітіп кеткен "Mysterions" тобы соңғы уақытта шығармашылықтарын сәл де болса бәсеңдеткендей сыңай танытқан. Жаңа әндер аз жазылмай, тамаша бейнебаяндар түсірілмегеніне де біраз уақыт өткен екен. Көпшілік жастардың жүрегінен жылдам орын алған топ "Қызғанамын" деген ескі әндеріне жаңа бейнебаян түсірді. Әртүрлі би қимылы мен өнерге қатысты көптеген кәсіпті өз клиптерінде көрсете білген жігіттердің бұл жұмысына үлкен баға берілуде. Алайда, Әуезов айтпақшы "сын шын болсын, шын сын болсын" дегендей әртүрлі елдердің жұлдыздарының өнерлерін тамашалап, белгілі бір тәжірибие жинаған көрермендер жігіттердің аталған клиптеріндегі көріністерінде белгілі бір сюжеттің жоғын алға тартады. Тек тамаша киімдер мен сапалы түсірілім клипті ашып тұрғанын түртіп жазған екен. Сонымен үш жігітіттің  үкілеп шығарған туындысын тамашалаңыздар.