Тамара Асар – Аққу арман

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Тамара Асар тағы бір жаңа бейнебаянымен дүйім жұртты қуантты. "Аққу арман" атты әуезді әні бойыңызға жылулық сыйлап, махаббаттың тамаша сезімін сездіруге көмектеседі. Ескі әндерді орындап ел есінде қалып жүрген әншінің бұл жұмысына көрермен қауым "жақсы" деген бағасын берді. Табиғаттың көрікті жерлерін клипінде көрсете білген Тамара Асардың әсерлі клипін сіздер де тамашалаңыздар.