Ayree – Кешір мені

Ел эстрадасына үлкен даумен келген "Ninety one" тобы қазақ сахнасына K-поп жанрын кіргізіп жібергендей болды. Халықтың үлкен-кішісі қарсы болған Ерболаттың жігіттері өз дегендерінен әлі де қайтар емес. Керісінше соңынан еріп, осы бір корей стилін көптеп қолданатын әншілер саны артып келеді. Бұл сөзімізге дәлел ретінде "Ayree" есімді сұлудың "Кешір мені" атты бейнеклипін назарларыңызға ұсынамыз.