Асқар Қалмырза - Досым жазған

Тайлақтың жолын жалғап, сұлуды кездестіре алмай жүрген жігіттер қаншама. Жасы келіп Жібегін таппаған Төлегендерге әке-шешесі немесе жеңгелері жақсы келін алып беруге тырысатыны айдан анық. Қыз таңдаған серілерге бір көрген ару ұнай қояды дегенге сену қиын. Сол себепті сұлулардың арасынан таңдаулысы ғана бойдақ жігіттің бағын аша алады. Асқар Қалмырзаның "Досым жазған" атты бейнеклипін назарларыңызға ұсынамыз. Әке-шешесі үйіне келген жігіт уақыт өткізіп жүрген аруларын бір бөлмеге жасырып қояды. Кейіннен қылмыстың соңы әшкере болған соң, сұлулардың барлығы алма кезек үйдегі қазылардың алдынан өтеді. Ешқайсысы көңілдерінен шықпағаннан кейін, Асқардың шешесі келін болар сұлуды өзі әкеліп таныстырады. Көңілді клипті әдемі көріністерімен тамашалаңыздар.