Айдана Меденова - Су

"Кеш You" тобымен танымал болған Айдана Меденова бүгінгі таңда жалғыз ән салуға көшкен. "Менімен биле" деген тамаша туындысымен жұртшылық назарына түскен әнші енді "Су" атты жаңа әніне бейнебаян түсірген. Алайда, жұрттың күткені мен клиптің шынайылығы сәйкес келмегендіктен, негативті пікірлер көптеп жазылуда. Бірі "Су" туралы ән шықты, енді "тамақ" жайында күтеміз" деген сықылды мысқылдар жазса, екіншілері киім үлгісі мен клиптің ішінде тамсанып көрер ештеңе жоқ деп қапалы үнін жеткізуде. Ал, көрініс ішіндегі билеріне тәнті болған жұртшылық пен режиссерлық тұрғыдан жақсы шығыпты деген жамағаттар атынан жазылған ойлар да жеткілікті. Бір сөзбен айтқанда, әркімнің өз ойы өзінде. Бұл клиппен Айдана қыз қандай ойды жеткізбек болғанын клипті көру арқылы ұғуға тырысыңыздар.