Серік Гамза-заде - Сұп-сұлу

Танысудың сан түрі бар. Тек, ыңғайына қарай икемдесеңіз барлығы бағыңызға қарай өзгеріп шығады. Серік Гамза-заде өзінің жаңа бейнебаянын креативті сюжетпен түсірген екен. Украина астанасы Киевте қақтығысып қалған қызын Аджариядағы Батуми қаласына іздеп барады. Көп ұзамай сүйіктісін кезіктірген әнші ары қарай тамаша өткізген уақыттарын көрсетеді. Басты рөлге таңдалып алынған "КешYou" тобының мүшесі өзіне берілген тапсырманы сәтті орындап шыққан. Десе де көрермендер жұмбақпен басталған махаббат оқиғасынан бұдан да үлкен үміт күткендерін де жасырмады. "Сұп-сұлу" деп аталатын әуезді әнді тыңдап, көрінісіне баға беріңіздер.