Қалдыбек Талқанбаев – Түнгі сыр

Әнші болсам деген арманы алға жетелеген көптеген жас бүгінгі таңда эстрада жұлдызына айналуды көздейді. Бұл үшін әлеуметтік желінің де жасап жатқан еңбегі зор. Бейнебаяндарын түсіріп, жаңа әндерін орындаған өнер иелері көпшілікке тез әрі оңай танылады. Осындай әдіспен жұрт алдына еленуге құштар Қалдыбек Талқанбаев та "Түнгі сыр" атты тамаша туынды дүниеге әкелген екен. Клипте қазақтың сұлу аруымен бірге басты кейіпкерлердің образын сомдаған жігіт махаббат хикаясы жайында ән шырқайды.