"Лашын" тобы - Үндеме

Баян Есентаеваның продюсерлігімен құрылған "Лашын" тобы өз тыңдармандарын ғажап әндерімен таңғалдыруын тоқтатар емес. Күні кеше "Үндеме" атты тамаша әніне бейнебаян түсіріп, шет елдің көрікті мекендерін көрермен назарына ұсынған. Құрманай Бахтиярқызының әніне, Марат Балмырзаның сөзіне жазылған жаңа әннің ішінде рэп жолдары да кездеседі. Ал ендеше, қос сұлудың қызықты бейнебаянын тамашалаңыздар.