Шаба Әденқұл - Туған жер

Әрбір адам баласының туған жеріне деген сүйіспеншілігі ерекше. Қолынан келсе көмектесіп, ән шырқап өзге жұртқа осындай тамаша мекеннің бар екенін танытқысы келеді. Өздерінің туған өлкелері жөнінде талай ақын жыр жазып, көптеген әншілер әнге қосқан. Сондай керемет ән мен тамаша бейнебаянды үйлестіре білген Шаба Әденқұлдың "Туған жер" атты сапалы дүниесін назарларыңызға ұсынамыз. Дархан даланың ғажайып табиғаты клиптің негізгі сюжеті болып табылады. Сонымен ырғақты әнмен кең байтақ өлкеге көз жүгіртіп өтіңіздер.