"Алашұлы" тобы - Батырлар ұраны

Атына заты сай "Алашұлы" тобының жігіттері ел эстрадасында өр қазақтың рухын көтеру мақсатында көптеген керемет әндерді орындап жүргенін барлығыңыз жақсы білесіздер. Жігіттердің тебірене айтқан әуезді өлеңдері жүректі дір еткізіп, қалай баурап алғанын да байқамай қаласыз. Ережесіз жекпе-жекте ел намысын қорғап шығар жігіттердің әнұранына айналған "Батырлар ұраны" атты әндері жаңа бейнебаянмен жарыққа шыққан екен. Көк туды асқақтатып, қазақтың бар екенін әлемген танытқан спортшылардың толағай жеңістері клиптің сюжетіне арқау болған. Бекзат пен Ермахандардан бастау алған бейнекөріністе Лондон олимпиадасының жүлдегерлеріне дейін тізбектелген. Ішінен кәсіпқой бокстағы беделді спортшылар Геннадий Головкин мен бүгін ғана туған күнін тойлап жатқан Қанат Исламды да көруге болады.