Ұлықпан Жолдасов Сағымсыңба сен

Дәл қазіргі Ұлықпан Жолдасовтың бұрын қандай болғаны, көптеген жастар үшін жасырын жұмбақ. Оның қандай керемет әндері бар екені, тамаша бейнебаяндарын көру, көпшілікке арман болғаны бүгінгі жастар үшін таңсық дүние. "Тұмарым", "Алтынай" деп шырқаған әншінің тағы бір "Сағымсыңба сен" атты хит әні бар екендігі сол уақытта көзбен көріп, құлақпен естіген жұртшылықтың есінде. Эстрдаға жаңа леп әкелген гитарист жігіт сол уақытта күллі қазақ жастарын өзінің ырғақты әнімен шулатты десек қателеспейміз. Сонымен бүгінгі күнде ретроға айналып бара жатқан асыл әннің бейнебаянын назарларыңызға тарту етеміз.