"Алау" тобы - Жаным бол

Баян Есентаеваның продюсерлігімен құрылған "Алау" тобы бүгінде белгілі топтар қатарында. "Гүл әпше" деп, тойдың көрігін қыздырған жігіттер, сахна мәдениетіне сай да көптеген әндерін жарыққа шығарып үлгерді. Жігіттер осы бетінен танбай, енді "Өгей жүрек" филімінің саундтрегін орындап шыққан екен. "Жаным бол" атты әуезді әннің сөзін белгілі ақын Ринат Зайытов жазса, әуенін Бауыржан Бимахан жазған екен. Азапқа толы сериалдың негізгі жерлерін өз бейнебаяндарына косқан "Алау" тобының жаңа клипі әсерлі шығыпты.