Жұлдыздар - Атырау - арман

"Ұнатады шыңда көңіл шырқауды,
Таулары жоқ төбемізден бұлт ауды.
Толағай боп туылмадым, әттең ай,
Атырауға әкелер ме ем, бір тауды…", деп еліміздің бард әншісі Табылды Досымов "Биіктік" атты өлеңімен туған жеріне деген махаббатын жеткізіп, өңірінде тау болмаса да, таудай алыптар бар екенін әнге қосқан. Бүгінде қазақ эстрадасының жұлдыздары жиылып, "Атарау-арман" атты әнге жаңа бейнебаян түсірген екен. Еліміздің батыс өңірінің керемет мекендерін көрсеткен бейнеклипті тамашалаңыздар.