Меломен - Лаулаймын

Сұлу көрсе өздерін тежей алмай қалатын серілердің басы әркезде дауға қалып жүреді. Сүйгеніне сұқтанып немесе жарына жабысқан бөгде бір адамды көргенде, қандай жігіт болмасын намысы оянып, тап беретіні белгілі. Мұндай оқиғалар көбіне қызмет көрсететін орындарда көптеп кездеседі. Белгісіз бір мейрамханадағы даяшының мазасын алған азаматтың жағасына жабыса кеткен "Меломен" тобының жігіттері соңына дейін соғысуға ниетті екенін "Лаулаймын" атты жаңа бейнебаянында көрсеткен. Тек, сұлу бойжеткен орамалын жерге тастап, жанжалдың соңына өзі нүкте қояды. Сонымен намысты жігіттердің бейнебаянын тамашалаңыздар.