Роза Мұқатаева - Әсем әнмен тербе

Алматының әсем мекендерін көрсетіп, жаныңызға жылулық сыйлар тағы бір жаңа бейнебаян жарыққа шықты. Роза Мұқатаеваның орындауындағы "Әсем әнмен тербе" атты көңілді әні жастардың көңілінен шығып жатқаны белгілі. Өзінің махаббатын кездестіру жолында бұйырмаған бағынан қол үзіп, сұлу қаланы көлікпен кезуге кіріседі. Соңында белгісіз бір мекеннен ырғақты биімен маңайына нұрын шашып тұрған жастардың қасына барып қосылады. Сонымен жеңіл әнге ауыр сын тақпай жақсы көңіл күймен тамашалаңыздар.