Серікбол Сайлаубек - Достарым

"Ақылы көпті дау алмайды, досы көпті жау алмайды" демекші, қашан да адам баласына серік етер жолдастарының көп болғаны жақсы. Басына іс түссе қасынан табылып, қуанса бірге бөлісетін мұндай жандардың бір-біріне деген сый-құрметі де ерекше болады. Өмірдің қатал сындарынан жұмылған жұдырықтай боп, сүрінбей өтуге тырысатын жандар бұл жалғаннан айырылмас егіздердей болып өтеді. Әдетте дос деген ұғымның рөлі көбіне жігіттер арасында ерекше.

Әрине, пенде болған соң пешенесіне жазғанын көретіндіктен, арасынан ойы сәйкес келмейтін адамдарды да кездестіруге болады. Мұндай пейілі нашарларға ата-бабамыз "жаман аттан аяғым артық, жаман жолдастан таяғым артық" деген екен. Бүгінгі күнде көпшіліктің арасында дүркіреп жүрген Серікбол Сайлаубектің "Достарым" атты әні талай жігіттің бойындағы бір-біріне деген сенімділікті нығайтып, зор септігін тигізуде.