Бала Мейрамбектің орындауындағы "Үкілі кәмшат" әні

Бүгінде танымал тұлғаға айналған Мейрамбек Бесбаев өнер әлеміне бала кезден аяқ басқан. Әншілікпен қатар өзін актер ретінде сынап көрген ол 1992 жылы Қанымбек Қасымбековтың "Қоштасқым келмейді" атты фильміне түсті. Туындыда жас Мейрамбек бірнеше ән орындап, сол кезде-ақ талай көрерменнің жүрегін жаулаған. Назарларыңызға сол фильмнен алынған үзіндіні ұсынбақпыз. Қабыл алыңыздар: Мейрамбек Бесбаевтың орындауында "Үкілі кәмшат" әні.