Рахат Турлыханов - Азём

Қабылдауға жеңіл әндері мен тартымды бейнебаяндары арқылы жастардың, соның ішінде, қыздардың сүйікті әншісіне айналған Рахат Тұрлыханов бүгінде көгілдір экраннан көп көрінбейді. Десе де ел оны жиі еске алады. Әсіресе, қазақ эстрадасының дамуы жайлы сөз қозғалғанда Рахаттың есімі айтылмауы мүмкін емес. Назарларыңызға 2000-шы жылдардың жұлдызы болған әншінің "Азём" атты туындысына түсірілген бейнебаянын ұсынамыз.