Индира Елемес - Практикант агай

Әрбір жоғарғы оқу орынының студенті жыл сайын еңбек тәжірибиесінен өтеді. Өздерінің мамандықтарына байланысты сан саланың басы-қасында болып, болашақта диплом алғаннан кейін білікті маман болуы үшін практика жүзінде де сауатын ашқаны дұрыс. Жалпы ең қызық практикалық тәжірибие мектептер мен жоғарғы оқу орындарынан өткендердікі десек қателеспейміз. Себебі өзінен төмен жастағыларға білімін беріп, олармен қалжыңдасып жүруге де мүмкіндігі болады. Осы керемет уақытты Индира Елемес өзінің жаңа әніне қосқан екен. Университет қабырғасында оқып жүрген сұлулардың жүрегін жаулаған "Практикант ағай" басқалардан неге ерекше көрінетіні тек қана аруларға ғана аян.