Алмас Кішкенбаев - Еркеле

Қазақ эстрадасындағы сәнқой жігіттердің алдыңғы қатарында жүретін Алмас Кішкенбаев жаңа бейнебаянын жарыққа шығарды. Сұлу қыздың сүйкімді қылықтары мен ашық түсті көріністер бейнеклипке керемет өң беріп тұр. Ал, өзінің дауыс ырғағына сай жазылған ән тіптен керемет. Клипті көру арқылы көз алдыңызға сүйіктіңізбен бірге болған талай естеліктер түсетіні сөзсіз. "Еркеле", деп аталатын әдемі клипті көріп сіздер де бір-бірлеріңізге сәл де болса еркелеп алыңыздар.