Шахзода & Шохруххон - Шошма

Өзбектің белгілі әншілері  Шахзода мен Шохруххон бірігіп ән айтты. "Шошма" деп аталатын көңілді әуеннің бейнебаяны да адамдарға ерекше көңіл күй сыйлайды. Сайқымазақтың кимін киген жігіт өзінің сүйгенін іздеп қала кезіп кетеді. Айналасындағы қарапайым адамдар сырт айналып оның қандай күйде жүргенін түсінбейді. Тек соңында дәл өзіндей бетін ақ түске бояған қыз келіп оның жүрегінің жартысына айналады.