Ардақ Әлекешев - Үміттенемін

Адамды әрқашан алдыға жетелеп, құлаған уақытында қолтықтап, сүрінген мезетте сүйреп жүретін алдамшы үміт бар. Сол бір белгісіз елестің соңынан қуып талай таяқты басына тигізіп, үлкен сынақтардан тайсалмай өткен жандар соңында жан рахатын табады. Ал, орта жолдан ойын өзгертіп, кері шегінген жандар, ешқашан өзінің ойына жете алмайды. Өйткені бүгінгі қиындықтан бас тартқандар ертеңгі сынға дайын емес екендіктерінен хабар береді. Сондай үлкен үмітті көздеп, болашақта эстрада әлемінде өзінің орынын қалдыру үшін жұмыс жасап жүрген Ардақ Әлекешевтің "Үміттенемін" атты жаңа бейнебаянын тамашалаңыздар.