Месси - әлемдегі ең көп ақша табатын футболшы

Месси - әлемдегі ең  көп ақша табатын футболшы
Фото: http://barcaman.ru/

Аргентинаның "Барселона" футбол клубының сапында доп теуіп жүрген Лионель Мессидің жалақысы дүниежүзі бойынша ең үлкен болып танылды, деп хабарлайлы France Football.

France Football-дың сөзіне сенетін болсақ, барлық жарнамалардан келіп түсетін қаражатты қоса есептегенде, Мессидің жалақысы 33 миллион еуроны құрап отыр. Месси "Лос-Анджелес-Гэлэкси" сапысында өнер көрсетіп жүрген Дэвид Бекхем мен "Реалдың" намысын қорғап жүрген Криштиану Роналдуның алдын орап кеткен.

Бір айта кететіні, ресейлік  "Анжи" футбол клубының шабуылшысы Самюэль Это'О бұл тізімнің төртінші тармағында орналасқан. Оның жалақысы 23,3 миллион еуро. Жаттықтырушылар арасында ұйымдастырылған дәл сондай тізімдегі Жозе Моуринью көш бастап келеді.

Моуриньюдің жалақысы 14,8 миллион еуро шамасында. Моуриньюның әріптесі Карло Анчелотти 13,5 миллион еуро жалақысымен екінші орында. Үштікті "Барселона" футбол клубының жаттықтырушысы Хосеп Гвардиола тәмәмдап отыр.