Меломен - Бота-Бота

Көңілді әндерімен талай жүрекке махаббат дәнін сепкен "Меломен" тобының жігіттері жаңа бейнебаяндарын тыңдарман қауымға тарту етті. Алматыдағы Бірінші Президент саябағында әндеткен серілердің өнеріне жақын маңда жүрген талай демалушылар тәнті болған екен. Клиптің басында әннің қалай шыққаны жайында аз-кем мағлұмат беріп, соңында көрініске нүктесін де әдемі қояды. Сонымен "Бота-Бота" деп аталатын әуезді әнді тыңдап, сіз де құлақ құрышын қандырыңыз.