Ninety One - Қайтадан

Осыдан біраз уақыт бұрын құрылған "Ninety One" тобының жігіттері киім үлгісі мен стильдері арқылы біраз жұрттың жаман пікіріне қалған болатын. Эстрада жұлдыздарынан бастап, айтыскер ақын Ринат Заитовқа дейін өздерінің негативті пікірлерін білдіріп жас жеткіншектерді жерден алып, жерге салды. Алайда, Орда тобының әншісі, осы бір аты шулы топтың продюссері Ерболат Беделхан ешқандай сөзге сынбастан алға қарай қадам басуын тоқтатқан жоқ. Есесіне топ жаңа бейнебаян түсіріп, өздерінің шығармашылығын ары қарай дамытуда. Шыққанына екі күн болса да, көптің үлкен бармағын көрсетіп мақтайтын дәрежесіне жеткен "Қайтадан" деген, әннің өзіне де, клипке де кері пікір әзірге айтылып жатқан жоқ.