Шабаданға қандай заттарды салу керек?

Шабаданға қандай заттарды салу керек?

Кезекті демалысқа я іссапарға аттанған кезде, киімдерді ретке келтіріп, керекті дүниелерді сөмке-шабадандарға саламыз. Көп жағдайда жүктердің арасынан «қажет болмайтын» дүниелерді де көрінеді. Назарларыңызға жолға шықпас бұрын шабаданға қандай заттарды салу керектігі туралы ақыл-кеңесімізді ұсынамыз.

  1. Өзіңізбен бірге «қажет болады-ау» деген заттарды алыңыз. Яғни олар оптикалық көзілдірік, гигиеналық заттар, дәрі-дәрмектер, әшекей бұйымдар, косметика т.с.с керекті дүниелер.
  2. Заттарыңызды шабаданға салмас бұрын, керекті дүниелердің тізімін жасаңыз. Тізім жасалған бойда, дүниелеріңізді бірнеше топ-топқа бөліңіз. Бағалы заттар: ақша-қаражаттары, әшекей бұйымдар, құжаттар т.с.с.
  3. Жолға шықпас бұрын, баратын елдің ауа-райын біліп алыңыз. Кейін ауа-райының болжамына сүйеніп, киініңіз. Өзіңізбен бірге тек сапарда киетін киімдерді алған жөн.
  4. Суық жаққа барсаңыз, жылы киімдерді, жылы аймаққа барсаңыз жеңіл киімдерді шабаданға реттеп, салып қойыңыз.
  5. Жолға шыққанда, жеңіл әрі ыңғайлы, өкшесі жоқ аяқ-киім киіңіз.
  6. Іш-киімдер мен ұйықтаған кезде киетін жеңіл киіміңізді ұмытпаңыз.
  7. Әшекей бұйымдарды көп мөлшерде алудың қажеті жоқ.
  8. Косметикалық бұйымдар мен гигиеналық заттарды кішкентай сөмкеге салып алыңыз. Өзіңізбен бірге тек күнделікті күтімге қажетті бұйымдарды алыңыз. Қонақүйлерде сусабын, сабын, гель берілетінін ескеріңіз.
  9. «Киім бүктеліп қалғанда, керек болады-ау» деген оймен көп жандар өздерімен бірге үтік алып жүреді. Бұл қосымша жүк. Оның сізге еш қажеті болмайтынын, қонақүйлерде үтіктің бар болатынын ескерген жөн.
  10. Шабаданмен қатар, қол сөмкеңізді ала жүріңіз. Оның ішінде тек жолда қажет болатын дүниелерді салыңыз: ақша, жеке құжаттар, әуе билеттері, бет орамал, ұялы телефон т.б.

Суреттер: redom.ru, goodhouse.ru

Ғ. Ұзақ