Дархан Бағлан - Аяулы ана

"Жетім көрсең жебей жүр" деп, байырғы бабаларымыз тегін айтпаған. Әке-шешесінен ерте айырылған ұл-қыздарға көмек қолын созу қазақтың ертеден келе жатқан дәстүрі. Жесірін жылатпай, жетімін құлатпай, қатардан қалдырмай, отбасы болуына қол ұшын беруге әзір тұратын елдің бүгінгі бейнесі тым бөлек. Тастанды нәрестелердің көбеюі қоғамның қатігез болып бара жатқанының белгісі емес пе?! Пендеге жол сілтеп, болашағына қарай бағыт-бағдар беретін адамдар аз. Мұндай сорақылықтың алдын алу жолында түрлі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жүректерге бала махаббатын сыйлау жолында жас әнші Дархан Бағлан "Аяулы ана" деп ән шырқаған екен. Әткеншекте тербетіліп отырған баланы үйіне әкеліп киіндіріп, жуындырып, өз баласындай өсірген әйел түбінде керемет ер азаматтың аяулы анасы болады.