Дастан Оразбеков - Сенің бейнең

Көпшіліктің сүйіп тыңдайтын әншісіне айналған Дастан Оразбековтың жаңа бейнебаяны шықты. "Сенің бейнең" деп аталатын тамаша әннің көрінісі креативке толы десек қателеспейміз. Үлкен ғимараттың ішінде, әр түрлі түстегі бояуларды жинастырып, үлкен ақ қағаздың бетіне өзінің сүйген сұлуының кескінін салады. Сонымен қатар, Дастанның тамаша билейтінін де білесіздер. Өзінің керемет қимылдарымен өң берген әншінің жаңа жұмысы керемет шыққан десек қателеспейміз. Өйткені бейнебаян көріністері мен ашық түсті көп пайдалануы ұтымды шыққан.