TT - Тербетем

Жаңадан құрылған "TT" тобы екінші бейнебаянын жарыққа шығарды. "Тербетем" деп аталатын әнге түсірілген клиптің сюжетін түсіруде қиындықтар туғаны байқалмаса да, бейнемонтаж жағынан көп жұмыс жасалғаны көрініп тұр.  Еліміздегі поп әндерін шырқайтын әншілердің қатарынан көрінгісі келетін жігіттердің дауысын мақтап, мың бұралған биіне тәнті болып жатқандар қаншама. Алайда, әр бейнебаянын көргеннен кейін немесе белгісіз бір себептермен көңілінен шықпай жатқан жандар тағы бір болмашы топ дүниеге келді деп әзіл-шыны аралас пікірлер қалдырды. Сонымен Нұрболат Қанаев пен Парасат Ибраевтың орындауындағы тамаша әнге құлақ түріңіздер.